«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 
КГУ «Основная средняя школа села Жыланды отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

  1. Жалпы ережелер

  1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ. Заңды мекен-жайы: Жыланды ауылы, Орталық көшесі, 19.

  2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де білім саласы бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  2022 жылы білім беру ұйымымен 6 қызмет көрсетілді;

  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

  электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 4;

  қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2.

  Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2021 жылы білім беру ұйымымен 4 қызмет көрсетілді;

  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

  электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-2;

  қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 2.

  3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

  "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";

  "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою";

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

  2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің http://sc.0018sandyktau.aqmoedu.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ. нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

  2022 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде аудандық "Сандықтау өлкесі" газетінде 1 мақала жариялап, 1 тікелей эфир өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

  2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  1.   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.     2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ.  жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:                                     Баисова К.Ш.

Жаңартылған күні: 10.03.2023 09:19
Құрылған күні: 10.03.2023 09:19

Текст