Эссе
21.09.2026
Мектебімізде өтіп жатқан «Тілдер онкүндігі» іс-шаралар апталығы аясында 7–9-сынып оқушылары арасында «Тілім менің – тірегім» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру; Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның маңыздылығын насихаттау; Оқушылардың шығармашылық қабілетін, жазбаша сауаттылығын мен ойды жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту. Байқау барысында оқушылар ана тілінің ұлт өміріндегі орны, тіл тазалығы мен болашағы туралы өздерінің терең ойлары мен толғаныстарын қағаз бетіне түсірді.
Просмотров: 1755