Сынып сағаты
21.09.2026
Тілдер онкүндігі аясында 1–9 сынып оқушыларымен «Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ана тіліне деген құрметін арттыру, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын ояту және көптілділіктің достық пен бірлікті нығайтудағы рөлін көрсету. Сынып сағаты барысында оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Әртүрлі тілдерде сөздер айтып, тіл – адамдарды бір-бірімен жақындастыратын маңызды құрал екенін түсінді.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, әр тіл – әр халықтың асыл мұрасы. Тілді құрметтеу – халықты құрметтеу.
Просмотров: 1690