Дөңгелек үстел.

21.09.2026

  «Заң мен тәртіп» жоспарына сәйкес педагог-ұйымдастырушы Жирентаева А.Д. педагогтер арасында «Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал ету және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жағдаяттарды талқылап, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

   

Просмотров: 20


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу