Танымдық сағат

18.09.2026

   Ұлттық домбыра күніне орай мектебімізде «Домбыра – халқымның жүрек үні» атты танымдық сағат өткізілді.
 Оқушылар домбыраның қазақ халқы үшін маңызы туралы мәлімет алып, ұлттық аспаптың тарихымен танысты. Оқушылар қазақтың әйгілі «Адай» күйін тыңдап, оның әсерімен бөлісті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Танымдық сағат оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиеледі.

 

 

Просмотров: 960


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу