Текст
04.06.2026
28 мамыр мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, су айдындарындағы, жолдағы қауіпсіздік ережелері, интернет желісін дұрыс пайдалану, кибербуллингтің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды бақылауда ұстау, психологиялық қолдау көрсету және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Ата-аналарға қауіпсіз жазғы демалысты ұйымдастырудың маңыздылығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.