Текст
30.05.2026
18-мамыр күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай 8–9 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қаламгердің өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиеті мен қоғам дамуына қосқан зор үлесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, оның еңбектеріндегі отансүйгіштік, адамгершілік және рухани құндылықтарды талқылады.