Текст
30.05.2026
6-7 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу және мамандық таңдауда бағыт-бағдар сілтеу мақсатында «Ер дәулеті — еңбек», «Еңбекпен ел көгерген» атты мұражайға танымдық саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ауылымыздың өркендеуіне үлес қосқан елеулі тұлғалардың, еңбек ардагерлері мен түрлі мамандық иелерінің өмір жолынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты және әр кәсіптің қоғам үшін маңыздылығын, адал еңбекпен ғана биік шыңдарды бағындыруға болатынын нақты деректермен жеткізілді.