Текст
16.01.2026
Сандықтау аудандық білім бөлімі кәсіподақ ұйымының ұйымдастаруымен Жыланды ауылының негізгі орта мектебінің 4 -сынып оқушысы Кәкен Айзере балаларымызға арналған жаңа жылдық облыстық кәсіподақ шыршасына барып,көңіл көтерді. Мерекенің жоғары деңгейде дайындалғаны әр балаға деген ықыласпен көңілден көрінді. Сіздердің қамқорлығыңыздың және шығармашылығыңыздың арқасында балалар көптеген жағымды эмоцияларға, қарым-қатынас қуанышына, мерекелік көңіл-күйге және жаңа жылдық ғажайыпқа деген сенімге ие болды. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған бағдарлама,балаларға арналған сыйлықтар бұл күнді шынымен ұмытылмас етті.
