Сынып сағаты.

29.09.2025

   Бүгін  сынып жетекші  Жүзжасарова С.М. 7–9 сынып оқушыларының қатысуымен «Буллинг дегеніміз не?» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның туындау себептері мен адам өміріне тигізетін жағымсыз салдары туралы жан-жақты мәлімет алды. Іс-шара оқушылардың бір-біріне деген құрмет пен сыйластықты сақтаудың маңыздылығын түсінулеріне ықпал етті. Оқушылар буллингке қарсы тұруға дайын екендіктерін білдіріп, әрбір адамның жақсылық пен құрметке лайық екенін атап өтті. Сонымен қатар, олар әділ, мейірімді болуға және өзгелерге түсіністікпен қарауға шақырды.

  

Просмотров: 560


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу