«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 
КГУ «Основная средняя школа села Жыланды отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер онкүндігінің тақырыбы — «Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі»

15.09.2025

   Қазақстан — көп ұлтты, көп тілді, бірлікті ту еткен бейбіт ел. Біздің Отанымызда әр ұлттың тілі мен салт-дәстүріне құрметпен қарау — басты құндылықтардың бірі. Осы мақсатта елімізде жыл сайын Тілдер онкүндігі аталып өтеді. Биылғы тілдер онкүндігінің тақырыбы — «Мәңгілік елімнің -мәңгілік тілі» деп аталады. Бұл атау біздің туған тіліміз — қазақ тіліне деген құрметті білдіреді. Қазақ тілі — еліміздің мемлекеттік тілі, ол біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Бүгін мектебімізде осы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға 2-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар туған тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, тілді құрметтеуге шақырды. Тілдер онкүндігі барысында мектепте түрлі танымдық сайыстар, кітап көрмесі, парасаттылық сағаты және спорттық жарыстар  өтеді. Бұл шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелейді.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст