Текст
28- тамыз күні "Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ-сінде жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес отырысында білім беру саясатының негізгі басымдықтары, мектептің жылдық жоспарлары және негізгі міндеттері талқыланды.
Негізгі бағыттар
- білім сапасы
- жасанды интелектіні оқу үрдісінде тиімді қолдану
- оқушылардың қауіпсіздік
- тәрбие жұмысы мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру
- қауіпсіз және жайлы мектеп ортасын қалыптастыру.
✅Педкеңес қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған мектепішілік жоспары,оқу- тәрбие жоспары,әдістемелік бірлестік жоспары бекітілді. Сонымен қатар академиялық адалдық қағидалары мен жасанды интелектіні қолданудың этикалық нормалары туралы айтылды.