Текст
12 маусым күні біздің мектебімізде 9 - сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті. Бұл-оқушылар үшін ғана емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де толқынысқа толы, есте қаларлық маңызды күн. Мерекелік кеш барысында түлектер ұстаздарына алғыс айтып, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерін еске түсірді. Ұстаздар мен ата-аналары жас түлектерге жылы лебіздерінбілдіріп, алдағы өмір жолына сәттілік тіледі. Аттестат алу -білім жолындағы алғашқы үлкен жетістік. Бұл сәт оқушылардың жауапты таңдау жасап, болашағына нық қадам басуына себеп болады. Мектеп ұжымы 9-сынып түлектерін шын жүректен құттықтайды! Білім жолы жарқын, өмір соқпағы сәтті болсын!