Текст
Мектеп оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Веселый ауылындағы РЭС-ке саяхат жасады. Сапар барысында оқушылар электр энергиясын жеткізу жүйесімен, электр желілерінің құрылымымен және энергетик мамандарының күнделікті жұмысымен танысты. Мамандар оқушыларға токтың қалай өндірілуі мен таратылатынын, трансформаторлар мен тарату қондырғыларының жұмыс істеу қағидаларын көрсетті.
Сондай-ақ, оқушыларға қауіпсіздік техникасы, авариялық жағдайларда жасалатын әрекеттер және бұл салада жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылар туралы айтылды. Сапар оқушылардың қызығушылығын оятып, электр энергетикасы саласына деген көзқарастарын кеңейтті.