Текст
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында мектеп оқушылары Веселый селосындағы наубайханаға танымдық саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар нан және басқа да нан-тоқаш өнімдерінің қалай дайындалатынын біліп,өндіріс үдерісімен танысты. Наубайхананың қызметкерлері оқушыларға ұнды елеуден бастап, қамыр илеп, нан пісіріп, оны орау мен тасымалдауға дейінгі барлық кезеңдерді көрсетті. Балаларға әрбір жұмысшының атқаратын қызметі мен наубайшы мамандығының маңыздылығы түсіндірілді.