Текст
9-сынып оқушыларымен және ата-аналармен кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар мен ата-аналарға оқу орнының мамандықтары, білім беру бағыттары, қабылдау шарттары жөнінде жан-жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар берудің маңызы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығы мен бейімділіктеріне сай мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді.