2025 жыл – елімізде Жұмысшы жылы ретінде белгіленіп, мектеп оқушылары арасында еңбекке баулу мен ауылшаруашылық мамандықтарына қызығушылықты арттыру бағытында түрлі шаралар жүзеге асуда. Осы орайда мектеп оқушылары үшін "Райымбек" шаруа қожалығына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында оқушылар дән себуден бастап, өнім жинауға дейінгі барлық кезеңдермен танысты. Оқушылар тракторлар мен комбайндарды көріп, оларды басқару жүйесіне қызығушылық танытты. Саяхат соңында оқушылар егіншілік — маусымдық емес, жыл бойғы қажырлы еңбекті талап ететін сала екенін түсінді. Олар болашақта ауыл шаруашылығы саласына өз үлесін қосуға ниетті екендерін білдірді. Бұл сапар — ауылдың нағыз байлығы еңбекпен келетінін ұғындырған, тәрбиелік мәні зор шара болды.