Текст
Бүгін педагог-ұйымдастырушы Жирентаева А. Д. 7-9 сынып қыздарымен "Қыздың абыройы-ұлттың абыройы" тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында негізге алынған "Қыздың намысы - ұлттың намысы" деген тіркес қазақ қоғамында қыз баланың тәрбиесі мен құндылығының жоғары екендігін және бұл ұғым әйелдің отбасы, қоғам және ұлт үшін жауапкершілігін, олардағы маңызды ролін білдіреді. Қыздардың абыройы, әдебі және мінез-құлқы ұлттық мәдениеттің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан халықта "қыздың намысы" деген түсінік тек үй ішінде ғана емес, ел мен жердің намысын қорғау арқылы да көрініс табады.